«Цифрлық Қазақстан»

2020 жылдың 5 ақпанында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы  ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірігіп , «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, халықты «электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеу дағдыларына және Тілдерді оқыту орталықтары жанындағы электрондық сервистерге оқыту бойынша бірыңғай тәсілді әзірлеу туралы кеңес өткізілді.

Кеңеске «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова қатысты.

Тілдерді оқыту орталықтарының халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуға дайындығы туралы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Б.Сүлейменова баяндама жасады.

Кеңес соңында МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.