Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін оқыту курстарын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылы 10 қаңтарда мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық департаменттердің қызметкерлері, «Тілдарын» орталығының оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және қолданыс аясын кеңейтуге қосқан ерекше үлесі үшін «Үздік тыңдаушы» номинациясы бойынша орталық тыңдаушылары және «Үздік мекеме» номинациясы бойынша белсенді мекемелер марапатталды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейту, оқып-үйрену бағытындағы жұмысты жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Үздік мекеме» номинациясымен ҚР  еңбек  және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне алғысхат берілді.

Жастар жылына орай ересек тұрғындарға ағылшын тілін оқыту бағытындағы жұмысты жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Жас маман» ағылшын тілінің оқытушысы А.Кубеева алғысхатпен марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік сабақ» республикалық байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алған орталық әдіскері А.Нұрбекова Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинованың алғысхатымен марапатталды.