Jańa álipbı negizindegi qazaq tili emlesin meńgertý» тақырыбы бойынша 24-сағаттық қысқа мерзімді курс өтті

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қызметкерлері 2019 жылғы     25 қараша мен 6 желтоқсан   аралығында «Jańa álipbı negizindegi  qazaq tili emlesin meńgertý» тақырыбы бойынша 24-сағаттық қысқа мерзімді курсты оқып шықты. Курсты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Т.Крикпенова жүргізді.

Курста емлені үйретуде сөздердің айтылу, жазылу нормаларын қалыптастыруда әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ мобильді қосымша, интернет бағдарламасы тәрізді жаңа технологиялар қолданылды.

Сабақ барысында сөздік диктант, терме диктант жазылып, жылдамдыққа оқу технологиясы бойынша 80-100 сөзден тұратын мәтіндер ұсынылды.

Сонымен қатар тыңдаушылар qazlatyn.kz сайтында kırıl – latyn, latyn – kırıl қарпі арқылы сөздер мен мәтіндерге конвертация жасауды үйренді.

Курс сонында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Н.А.Биекенов тыңдаушыларға сертификат табыстады.