«Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері» атты республикалық семинар-тренинг

21 қарашада Ақтөбе қаласында ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері» атты республикалық семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингте «EDTECH» халықаралық білім орталығының Бас директоры, ф.ғ.д., Ғ.Б.Бейсенбаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы,  ф.ғ.д., Л.Ж.Бейсенбаева, «Тұран-Астана» университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Қ.Қапанова,  Ақтөбе қаласы  НЗМ ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.К.Уразалина, Ақтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Н.Төлегенова, Қарағанды облысы Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Ф.Е.Боранғазы, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы Ә.М.Бахытова оқытудың заманауи үздік әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Аталмыш семинар-тренингке «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Нұрбекова Айнұр Жомартқызы қатысып өзара тәжірибе алмасып келді.

«Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері» атты семинар-тренингтің жинағында орталық әдіскерінің «Қазақ тілін үйретуде комикстерді қолдану» атты мақаласы жарық көрді.