«Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» республикалық форумы

2019 жылғы 24 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында  «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» тұңғыш рет республикалық  тіл форумы өтті.

Форумға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, ҚР Праламенті Сенаты, Мәжілісі депутаттары, ҚР Жоғары Соты, Бас Прокуратурасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық тілдерді дамыту басқармаларының басшылары мен өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының мамандары, ҚХА этно-мәдени бірлестіктері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қостанай облысының делегациясы құрамында «Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысы Г.Е.Мендекинова, Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Ә.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Ж.Қ.Ербатырова, «Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Ж.Е.Жанбурчина болды.

Форум аясындағы 6 түрлі пікір алаңында қазақ тілінің қолданыс аясын ғылым, білім, саясат, бизнес, кәсіпкерлік, өндіріс, әлеуметтік салаларда кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды, сонымен қатар қазіргі әлемдік жаһандану өріс алып тұрғанда ұлт рухын түлету үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыруға басты қадам жаға әліпбиге көшу барысы мен атқарылған шаралардың қорытындысы сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.

Форумда Қостанай облысында қазақ тілін латын графикасына көшіру, мемлекеттік тілді ересектерге оқыту бойынша «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мен қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мамандары құрастырған оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдардан тұратын көрмені ұсынды. Көрме тәжірибе алмасу алаңына айналып, форум қатысушылары тарапынан оң бағасын алды.