5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Жомартқызы Нұрбекова С1 деңгейі бойынша «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Ашық сабақта сабақ құрылымының 4 әрекетіне сәйкес оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім бөліктерінде цифрлық технология туралы жаңа, тың мәліметтер ұсынылды.

Оқытушы цифрлық технология туралы оқылым мәтінінде «Биткоин», «3д принтер» туралы мәлімет беріп, жазылымда Ы.Алтынсариннің «Өнер, білім – бар жұрттар» атты өлеңін жаңа заман бейнесін ашатын мысалдармен салыстыра талдау жасатса, тыңдалым бөлігінде «Денсаулық жүйесін цифрландыру» атты тақырыпта kahoot интернет жүйесі арқылы тест тапсырмаларын орындатты. Ал сөйлесімде «Бетпе бет» бағдарламасы өткізіліп, сарапшылар өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, сергіту сәтінде қатысушылар Qazlatyn.kz порталының конвертер бөлімінде тіл туралы мақал-мәтелдерді жазып, конвертация жасау арқылы лезде латын қарпіне көшіруді үйренді.