Қысқа мерзімді курстың І легі аяқталды

2019 жылдың  маусым-тамыз айлары аралығында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында  «Jańa álіpbı negizindegi qazaq tili emlesin meńgertý» атты 24 сағаттық қысқа мерзімді курс ұйымдастырылуда.

Курстың мақсаты – тыңдаушыларға жаңа қазақ әліпбиінің құрылымы мен сипаттамасын, қазіргі айтылым және жазылым нормаларын үйрету.

Мемлекеттік мекемелер мен құрылымдық мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқу курсының І легінің  тыңдаушылары  екі апта ішінде емле бойынша практикалық тапсырмалар, тест тапсырмаларын орындап, диктант жазу, жылдамдыққа оқу дағдыларын қалыптастырып сертификат иеленді.

Курсты Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты республикалық тренерлер дәріс-курсынан өткен «Тілдарын» КММ мамандары Г. Талапова мен Г. Крикпенова жүргізді.