Қостанай қаласында ҚАЗТЕСТ өткізілді

2019 жылғы 4-5 маусым аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Қостанай облысында сертификаттық тестілеу өткізілді.  Облыс бойынша 103 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, оның нақты 100-і сертификаттық тестілеуге қатысты.

Тестілеуге облыстың Қостанай, Рудный қалалары мен аудандарының облыстық департаменттері мен басқармаларының  мемлекеттік қызметшілері, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери сала қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің», «KEGOC» АҚ-ның қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.