«Латын графикасымен таныстыру» № 23 мектепте

2019 жылдың 22 мамырында № 23 мектепте Латын графикасында негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Таныстыру жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау және талдау ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Б.Нсанова алғашқы сөзімен бастады.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Крикпенова таныстыру жұмысын өткізді. Ақпараттық жиынға қатысқан мектеп мұғалімдері белсенділік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой-пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.