«Азаматтарға арналған үкімет» Қостанай облысы бойынша филиалында латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелермен таныстыру

2019 жылдың 25 сәуірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалында латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Осы іс-шараға аталған филиалдың қызметкерлері қатысты. Іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау және талдау ақппараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Б.А.Нсанова алғашқы сөзімен басталды.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Б. Нурмагамбетова латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің  ережелерімен, оның негізгі ерекшеліктерімен таныстырды.

Филиал қызметкерлері белсенді қатыса отырып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қозғады. Өзара пікір алмасып,  ұсыныстарын да айтты.