«Латын графикасымен таныстыру» № 11 мектепте

2019 жылдың 5 сәуірінде  № 11 мектепте Латын графикасында негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Таныстыру жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының  жоспарлау және талдау ақппараттық технологиялар бөлімінің  бас маманы Б.Нсанова алғашқы сөзімен бастады.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б. Жұматай таныстыру жұмысын өткізді. Ақпараттық жиынға қатысқан мектеп мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.