Жарнама агентіктері, жекеменшік оқу орталықтары өкілдеріне арналған жаңа әліпби ережесін таныстыру сабағы

2019-жылғы 30-қаңтарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында жарнама агентіктері, жекеменшік оқу орталықтары өкілдеріне арналған жаңа әліпби ережесін таныстыру сабағы өтті.

Ұлттық комиссияның 2018-жылғы 6-желтоқсанда мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесімен орталық оқытушысы А.Миркемелова қатысушыларға таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сабақ барысында латын графикасы негізінде жарнамаға қатысты терминдерді, қысқа мәтіндерді жазып, оқуды үйренді.

Жарнама  агентіктері мен жекеменшік оқу орталықтары қызметкерлері белсенділік танытып, сабақ қызықты өтті.