«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтуде

2018 жылғы  қараша айында  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ұсынған  Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік диагностикалық тестілеу өтуде.

Диагностикалық тестілеуден мектеп бітіруші түлектер, қала мектептерінің ұстаздары және Полиция департаментінің қызметшілері өтті.

Мектеп бітіруші түлектер қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға орай қызығушылық танытып,  белсенділік көрсетті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен  орталықтың тыңдаушылары тестілеуден өтуге ниет білдіруде.

«Тілдарын» орталығында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін кез келген тыңдаушының диагностикалық тестілеуден өтуіне барлық жағдай жасалған.