«Ересектерге тіл үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты көшпелі дөңгелек үстел

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылдың 28 қыркүйек күні Қарабалық ауданы тілдерді оқыту орталығында өткізген «Ересектерге тіл үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты көшпелі дөңгелек үстелге «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова қатысып, жалпы облысымыздағы оқыту орталықтарының жұмысы туралы  кеңінен баяндап берді. 

Дөңгелек үстел соңында аудандық орталықтың мамандары және ауылдық округтердің оқытушылары өзара тәжірибе алмасып, өздерінің сауалдарын ортаға салып, пікір алмасты.