«QOSTANAI» телеарнасының таңғы ақпаратты-сазды «Тобыл таңы» бағдарламасындағы интервью

2018 жылғы 7 қыркүйекте  «QOSTANAI» телеарнасының таңғы ақпаратты-сазды «Тобыл таңы» бағдарламасында «Тілдарын» тілдерді оқыту облыстық орталығының оқытушысы Б.Жұматай оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау жайында сөз сөйледі.

Алаш көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани жəне ғылым-білім саласындағы мол мұраларын танытудағы жастар арасында насихаттауға кітапхана мен тіл оқыту орталықтарының жүргізіп отырғанн іс-шаралары мен игі бастамалары жөнінде айтылып өтті. 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні болып белгіленді, бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылып қойылды. Бұл мәртебеге орай А.Байтұрсынов атындағы республикалық байқаудың Қостанай жерінде өтуі мен берер пайдасы жөнінде сөз қозғалды.