«Қош келдің, әз-Наурыз» атты ашық сабақ

2018 жылдың 19 наурызда Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен «Қош келдің, әз-Наурыз» атты ашық сабақ өтті. Сабақты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Нұрмағамбетова өткізді.

Тыңдаушылар сабақ барысында «Наурыз көже» ұлттық тағамына байланысты сұрақ- жауап әдісі арқылы жауап берді, киелі сандардың  мән мағынасын түсіндірді, оларға байланысты қанатты сөздермен танысты. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындардың ережелерін түсіндірді. Ойын арасында грамматикалық үзіліске тоқтай отырып, тапсырмаларды да орындады.

Салт-дәстүр кезеңінде «Тұсау кесу» рәсімін көрсетті. Сабақты қорытындылай келе Наурыз мейрамына қатысты тыйым сөздерін де еске түсірді. Ашық сабақ Қыдыр атаның батасымен аяқталды.