2017 жылдың 21 қарашасы күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болып өткен «Руханият және мәдениетаралық коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Ж.Нұрбекова қатысып келді.
А.Ж.Нұрбекова конференцияның пленарлық мәжілісінде «Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты тақырыпта баяндама оқып, конференция қатысушыларының латын әліпбиі туралы сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар «Латын әліпбиі: тарихы, келешегі» және «Тіл білімінің өзекті мәселелері» атты конференцияның секциялық жұмысында өз мақалаларымен таныстырып өтті.
Конференция жұмысында оқылған мақалаларды талдай келе хаттамаға нақты ұсыныстар енгізілді.