Өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының өкілдерімен ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығын орындау бойынша он-лайн семинар

 

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен, Қостанай облысы бойынша қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне көшіруді ілгерілету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 02 қарашасында өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының өкілдері, тілдерді дамыту басқармасы, қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтары мамандарының қатысуымен ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығын орындау бойынша он-лайн семинар өтті.

Семинар барысында Г.Талапова «Латын әліпбиі-қазақ өркениетінің жаңа дәуірі» баяндамасын оқыды. Сонымен қатар Арқалық қаласы және Федоров, Мендіқара аудандары тілдерді оқыту орталығының директорлары  Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат беріп, өзара пікір алмасты.