«Южный» қалалық кітапханасының қабырғасында «Ахмет Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы» атты портрет-кеші өтті

2018 жылғы 6 қыркүйекте «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Южный» ҚБ  кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың 146-жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасы» атты портрет-кеші өтті.

Аталған портрет-кешіне «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жұматай Бағжан «Ахаң – ұлттың ұлы ұстазы және тіл жанашыры» атты баяндамамен қатысты.

Өз баяндамасында А.Байтұрсынов жайында ғұмырнамалық ақпарат берді. Жастарға ел болашағы үшін жұмсалған жерлестері Ахмет Байтұрсынұлының қажыр-қайрат, адал еңбектері жайында айтты. Баяндамамен қатар жастарға сауалнамалар қойылып, кеш қонақтарына сөз берілді.