2018 жылдың 24 қазан күні «Мирас» МҮ «Тілі бірдің – тілегі бір» республикалық жастар форумы өтті.
Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, олардың шығармашылығын дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу және жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, кәсіпкерлік қырларын дамыту және отаншылдық құндылықтарды әспеттеу болып табылады.
Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен республикалық жастар форумы ұйымдастырылды.
«Тілі бірдің – тілегі бір» республикалық жастар форумының мақсаты, көшпелі алаңдарда ұйымдастырылған төрт секция туралы және республиканың әр өңірінен келген белсенді жастар жайлы көрермендерге толық ақпарат беру.
«Облыстық индустриялды-инновациялық дамуы: жастардың рөлі мен үлесі» атты секцияны модератор «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова өткізді. Жиын спикерлері: «СарыарқаАвтоПром» ЖСШ жастар ісі комитетінің төрағасы Б.Оспанов; Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ж.Қаленов; Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті А.Есболов. Қазақстанның даумына қосқан жастар үлесі жайында мәлімет беріліп, пікір алмасты.
«Қостанай облысының спорттағы жетістіктері» атты секцияны модератор «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшы орынбасары Г.Талапова жүргізді. Қостанай олысының үздік спортшылары қатысты. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, арбадағы биші М.Муктарова және гир спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Я.Литвинова өз спорт жетістіктерімен бөлісті. Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы Т.Қайдар жастардың спортқа деген белсенділігін және спорт түрлері жайлы айтып өтті. Жиын соңында қатысушыларға сертификат берілді.