«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті

2017 жылдың 27 қазанында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызмтекерлері мен тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен  Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік саланың қызметкерлері арасында диагностикалық тестілеуді өткізді.

Тестілеуге ҚР Ішкі істер министрілігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы,  Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы«Қостанай қаласының №2 емханасы»,  ҚР ҰҚҚ ШК «Солтүстік өңірлік басқармасы 2031 әскери бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Сонымен қатар, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысы Г. Талапова Жангелді, Науырзым, Қарасу, Қостанай аудандарына барып, диагностикалық тестідеуді өткізді.