«Оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектіні интеграциялауға бағытталған қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты республикалық онлайн-семинарын өткізуде

????2024 жылдың 13-22 мамыры аралығында ҚР Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ҰҒПО «Оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектіні интеграциялауға бағытталған қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты республикалық онлайн-семинарын өткізуде.
Семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының тіл мамандары және қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер, оқытушылары Zoom платформасы арқылы қатысты.
Бірінші күні Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Б.М. Айтпаева «Тіл үйретуде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында ChatGPT жəне жасанды интеллектінің тіл үйретудегі ерекшеліктері, тілді қашықтан оқытуда VIRBO, LUMIO, FLIPPITY, REMOVE платформаларының қолдану тиімділігін, сабақты қызықты өткізу жолдарын түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетіп, тіл мамандарының қызығушылықтарын арттырды.