«Мемлекеттік тіл — рухани жаңғыру тілі» семинар-тренингі

2023 жылы 5-6 қазан аралығында  «Федоров ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы” КММ ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл — рухани жаңғыру тілі» атты аймақтық семинар-тренинг өтті. Семинарға  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова мен оқытушы Б.Т.Ахметжанова қатысты. Орталық басшысы Т. Айтмағамбетова құттықтау сөз сөйлеп, семинар барысында мамандар өзара тәжірибе алмасты.