Ұлттық валюта күніне арналған ашық сабақ өтті

2021 жылғы 18 қарашада «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де 15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған ашық сабақ өтті.

Қысқа мерзімді курс тыңдаушылары екі топқа бөлініп, сайыс сабаққа өте белсенді қатысты. Сабақта ұлттық валютамыз теңгенің шығу тарихы, айналымға енгізілуі, оның рөлі туралы танымдық ақпарат берілді. Сабақты орталық оқытушысы Жұмабаева Ж.Ә. жүргізді.

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ. Ербатырова сабақ соңында тыңдаушылармен сұхбат жүргізіп, олардың қазақ тілін үйренудегі ой-пікірлерін тыңдады.