«Ситуативный казахский» кітабының авторымен кездесу өтті

2021 жылғы 15 қарашада Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен “Достық” үйінің акт залында “Ситуативный казахский” кітабының авторы Қанат Ғалымұлы Тасыбековпен кездесу өтті. Аталған іс-шараға ҚХА-ның өкілдері, тіл үйренушілер, колледж студенттері, тіл мамандары қатысты. Қанат Ғалымұлы тілді үйрену мен үйретудегі өзінің авторлық тәжірибесімен бөлісіп, тренинг өткізді. Кездесу соңында Басқарма басшысы Г.Е.Мендекинова арнайы шақырылған спикерге алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Қатысушылар кітап авторына өз сұрақтарын жолдап, кері байланыс орнады.