«СөйлеTime» клубының кездесуі өтті

2021 жылдың 10 маусымында «СөйлеTime» клубының кезекті кездесуі  «Тілдарын» орталығы орналасқан «Кәсіподақтар үйі» ғимаратының алаңында өтті. Қатысушыларға өткен тақырыптарды қайталау мақсатында «Шаңырақ» лингвистикалық үстел ойыны ұсынылды. «Ойнай отырып, қазақ тілін үйренейік» ойыны арқылы тыңдаушылар тақырыптық лексиканы қаншалықты меңгеріп шыққанын байқатты. Екі топқа бөлініп, жарысып, өз білімдерін ортаға салды.

Спикерлер Жарасбаева Ж.Т, Ташмағанбетова А.Ж.