«My symbols are my glory!» тақырыбында ашық сабақ өтті

2021 жылғы 3 маусымда “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Бектыбаев Н. «My symbols are my glory!» атты ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында тақырыпты талдау үшін ментальды карталар арқылы mindomo сайтында, сабақты бекіту үшін bamboozle сайтында тапсырмалар орындалды. Сабаққа қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушылары қатысты.