«СөйлеTime» клубының кезекті кездесуі өтті

2021 жылдың 3 маусымында “СөйлеTime” клубының кезекті отырысы А.Пушкин атындағы қалалық кітапхана қабырғасында өтті. Кітапхана қызметкері  Әбдірахманова Р.Е. клуб қатысушыларына рәміздер туралы ақпарат берді. 4 маусым – ҚР рәміздері күніне орай “Рәміздерім – айбыным” тақырыбында ақпараттық-танымдық сайыс сабақ форматында өткізілді. Қатысушылар 2 топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмаларды орындап жарысты. Кездесу соңында “Көк тудың желбірегені” патриоттық әнін  хормен айтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.

Спикер оқытушы Сүндетбаева А.Н.