2021 жылы 13 мамырда «СөйлеTime» клубының кезекті кездесуінде қатысушылар мультфильм көріп, комикс жасады. Қатысушылар өте көңілді, ең танымал қазақ мультфильмдерінің бірі «Қошқар мен Текеден» 3 минуттық үзінді тамашалады.
Одан кейін мультфильм желісі бойынша суретті сюжет құрастырып, дайын репликаларды ретімен орналастырып шықты. Соңында өздері жасаған комикс бойынша қысқаша мазмұнын айтты.
Спикер орталық әдіскері Нұрбекова Айнұр Жомартқызы.