“Латын әліпбиі, білім мәдениеті және қоғамдық сана туралы” студенттермен кездесу өтті

2021 жылғы 23 сәуірде “Орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ММ-нің ұйымдастыруымен Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің мәжіліс залында “Латын әліпбиі, білім мәдениеті және қоғамдық сана туралы” студенттермен кездесу өтті.

“Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұрмағанбетова Ақтоты Баядиловна латын графикасы негізіндегі жетілдірілген әліпби туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.