«Әліппе реформасы – рухани жаңғырудың өзегі» атты дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 19 ақпанда – Халықаралық ана тілі күніне орай «Әліппе реформасы – рухани жаңғырудың өзегі» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.  

Дөңгелек үстелге Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Бимағанбетов К. Ә. Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадиярова Қ. Х. және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары сонымеи қатар Қостанай қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстелде орталық әдіскері Нұрбекова Айнұр «Латыннегізді әліпби реформасы: диакритикалық таңбалар мазмұны» туралы айтып қазақ әліпбиінің жаңа жобасымен таныстырды. №1 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ихсан Данияр Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы бойынша «Латын әліпбиіне көшу – дұрыс таңдау, сәтті шешім» атты тақырыпты мазмұнды баяндама жасаса, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, жаңа әліпби бойынша эксперименттік алаң жетекшісі Ергалиева М. А. және эксперименттік алаң тобы «Латынға көшу – біздің тәжірибемізде» атты тақырыпта латыннегізді қазақ әліпбиі бойынша атқарылып жатқан жұмыстары негізінде өз тәжірибелерімен бөлісті.