«Қашықтан оқыту режимінде тәжірибе алмасу алаңы» атты семинар өтті

2020 жылғы 27 қарашада «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту оралығы «Қашықтан оқыту режимінде тәжірибе алмасу алаңы» атты семинарды онлайн форматта өткізді.

Іс-шара барысында орталық басшысы Ербатырова Жұлдызай Қабділмажитқызы, аталған тәжірибе алмасу алаңы ағымдағы жылдың мамыр-қазан аралығындағы өзара аудандық, қалалық тілдерді  оқыту орталықтарына оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып, оған өңірдегі барлық 20 тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары белсенді қатысқаны жөнінде атап өтті. Орталық әдіскері Нұрбекова Айнұр Жомартқызы осы аралықта өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шеберлік сабақтарға талдау жасап, есеп берді. Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мұхамбетжанова Жазира Мизамханқызы онлайн тәжірибе алмасудың тиімділігі жөнінде өз пікірін білдірді.

Семинар соңында тәжірибе алмасу алаңында сабақ берген әдіскер-оқытушылар алғысхатпен марапатталды. Ең үздік сабақтарды Меңдіқара, Жітіқара, Сарыкөл, Әулиекөл аудандары және Арқалық қаласы ұсынып, тәжірибелерімен бөліскенін ерекше атап өтеміз.