Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде дәріс өтті

2020 жылғы 22 мамырда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы “ТІЛДАРЫН ҚОСТАНАЙ” Facebook танымал әлеуметтік желісі арқылы «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын ілгерілету, оны көпшілік қауымға насихаттау мақсатында тікелей эфир жүргізді.

Тікелей эфирге ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒП орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Орфография жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., Г.Мамырбек қатысып, «Жаңа әліпбиді жетілдіру жұмыстары» тақырыбында онлайн дәріс оқыды.

Тікелей эфирге 50-ге тарта оқырман қатысып, өз сауалдары мен тілектерін комментарий бөлігіне жолдап отырды.