«Тіл үйрету әдістемесі: теория және тәжірибе» атты онлайн дәрістер өткізілді

2020 жылғы 18-19 мамырда «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның ұйымдастыруымен «Тіл үйрету әдістемесі: теория және тәжірибе» атты онлайн дәрістер өткізілді.

Дәрістердің мақсаты – күнделікті тұрмыста, кәсіпте, түрлі ресми шараларда, қоғамның түрлі әлеуметтік салаларында қазақ тілін пайдалану мен оның қолданыс аясын кеңейту үшін заманауи тіл меңгеру әдістері қағидаттарының негізінде тілді жылдам әрі оңай меңгерудің түрлі тәсілдері бойынша өңірлерде қазақ тілін оқытып, үйретіп жүрген оқытушылар мен ұстаздарға әдістемелік көмек, қолдау көрсету.

Кезекті онлайн дәрістерді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Е.Тілешов, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Күзекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Аяпова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты А.Мұқышева жүргізді.

Онлайн дәріске орталық мамандары қатысты.