«Women’s Day»

2020 жылдың 4 наурызында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Көбеева екінші деңгейде оқитын тыңдаушыларға «Women’s Day» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ Халықаралық әйелдер күніне арналды. Сабақтың мақсаты тыңдаушылардың оқитын тіл елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына танымдық қызығушылығын дамыту және тыңдаушыларды осы мерекені ағылшын тілінде тойлау дәстүрімен таныстыру. Сабаққа орталық тыңдаушылары белсенді қатысып, ағылшын тілі бойынша өз білімдерін көрсетті.