«Электрондық үкімет және электронды қызметтер туралы» тақырыбы бойынша курс басталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасын қолдап, облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының базаларында «Электрондық үкімет және электронды қызметтер туралы» тақырыбында курс ұйымдастырған болатын.

2020 жылдың 7 ақпанында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында аталған курстың алғашқы сабағы өтті.

Курсты өткізушілер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының мамандары. Алғашқы сабаққа Қостанай қаласы білім бөлімінің мамандары қатысты. Курс бір айда екі рет өткізіледі.