Орталық оқытушысы сертификат алды

2019 жылғы 30 қыркүйек мен  8 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары  профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Аталған курсқа «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Б.Миркемелова қатысып келді.

Курс екі кезеңнен тұрды. 80 сағат – қашықтан оқыту арқылы вебинар сабақ түрінде  Қостанай қаласында өтсе, 160 сағаттан тұратын «Бетпе-бет» кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын тапты.

Біліктілік курсынан өту барысында оқытушы латын графикасын оқып-жазып үйренумен қатар тыңдаушылармен жұмыс жасау барысында білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға арналған түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрене отырып, жоғары кәсіби білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негізінде тілдік білімдерін жетілдірді.