Тыңдаушылар қорытынды емтихандар тапсырды

2019 жылдың 18-25 қараша аралығында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында қорытынды емтихандар өткізілді. Топтарда Полиция департаменті, «KEGOC» АҚ, Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі және Төтенше жағдайлар, Әділет департаменттері, Қостанай облысы жердің қорғалуы мен пайдаланылуын реттеу,  кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, мәдениет, қаржы, ветеринария, архив және құжаттама, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай облыстық прокуратурасы, 2031-әскери бөлімі РММ, «Солтүстік» Өңірлік шекара қызметі, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері болды.

Аталмыш мекеме қызметкерлері оқу жылы барысында түрлі іс-шараларға қатысып, белсенділік танытты. Атап айтсақ, республикалық онлайн диктант, облыстық байқаулар, ашық сабақтар мен тренингтер, латын қарпін игеруге арналған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесін меңгерту» тақырыбындағы 24 сағаттық қысқа мерзімді курс, жаңа әліпбиге негізделген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстарына қатысып, сабақты қорытындылау мақсатында мұражайға саяхат жасады.

Емтихан қорытындысы бойынша 251 тыңдаушыға сертификат табысталатын болады.