Челябі облысындағы қазақ диаспорасы үшін семинар-тренинг

2019 жылдың 22 тамызы күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақ диаспорасына ана тілін үйрету бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингті өткізудің бірден-бір мақсаты қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында қазақ тілін оқыту бойынша өзара тәжірибе алмасу, мәдени және әлеуметтік-гуманитарлық салада шекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту негізіне бағытталған.

Аталған семинар-тренингке Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облысы филиалының төрайымы Нәзира Қыпшақбайқызы Жәрімбетова, ана тілді сақтау және таныту, салт-дәстүр және оқыту мәселелерімен айналысатын «Жақсылық» қазақ ұлттық мәдени орталығының басшысы Юлит Искаковна Байдулетова бастаған Ресей Федерациясы Челябі облысының делегациясы, Tілдерді оқыту орталықтарының басшылары, оқытушылары және БАҚ қатысты.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы Мендекинова және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облысы филиалының төрайымы Нәзира Қыпшақбайқызы Жәрімбетова алдында сөз сөйледі.

Семинар-тренинг барысында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшының орынбасары Гүлнар Маратқызы Талапова, Рудный қаласының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Назгүл Садрагзамқызы Мунбаева, Қостанай ауданның Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жанна Темірболатқызы Жарасбаева қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру сабақтары өткізілді.

Ресейден келген қонақтар Қазақстандағы тілдік реформаға оң көзқарастарын білдіріп, қазақ тілін оқыту бойынша көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, пікір алмасты.