«Көрнекі ақпарат: мәселелер және оны шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 22 мамырда  Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Денисов аудандық мәдениет үйінде «Көрнекі ақпарат: мәселелер және оны шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге тілдерді дамыту басқармасы мамандары, облыстық ономастика комиссиясы мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері, Лисаков, Жітіқара қалалары, Денисов, Қамысты, Таран аудандары әкімдіктері мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары мен мамандары, ономастикалық жұмыс топтары мүшелері, тілдерді оқыту орталықтары, ҮЕҰ,  жастар ұйымдары өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Ж.Науразбаев.

Аталған іс-шарада «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова «Жаңа қазақ әліпбиін БАҚ және көрнекі ақпарат арқылы ілгерілету» тақырыбында баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелге жиналғандар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі, жарнама мәтіндерін аударудағы қиындықтар мен қателер туралы сұрақтар қойып,  өз пікірлерімен бөлісті.