Орталық оқытушылары «Ел мүддесі» бағдарламасында

2019 жылғы 19 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.Талапова және орталық оқытушылары  А.Миркемелова  мен Б.Жұматай «Qostanaı» телеарнасының «Ел мүддесі» бағдарламасына қатысты.

Бағдарламада бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі туралы, әліпбиге ауысқаннан ұтатын және ұтылатын тұстарымыз туралы, жаңа емленің ерекшеліктері жайында, латын әліпбиіне әлдеқашан көшкен тамыры, тарихы ұқсас елдердің тәжірибесі туралы сөз қозғалды.