Наурыз-думан

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы 2019 жылғы 20 наурызда Наурыз мейрамына арналған «Наурыз-думан» атты  мерекелік іс-шара өткізді.

Іс шараға Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай облыстық филиалының директоры, ақын-жазушы Ғұмар Ахметчин, білім саласының ардагерлері арнайы қонақ болып шақырылды.

Мерекелік іс-шара «Тұсау кесу» рәсімінен басталды.  «Тұсау кесу» рәсімін ақын-жазушы Ғ.Ахметчин өткізіп, тұсауы кесілген баланың келешегіне ақ жол тілеп, батасын берді.

Іс-шара барысында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары танымдық ойындар өткізіп, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.