«Арулар – асыл жандар»

2019 жылғы 4 наурызда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жұматай Б. Қостанай облысының статистика департаментінің тыңдаушыларына 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Арулар – асыл жандар» атты интеллектуалды сайыс сабағын өткізді.

Сабақтың басында Белов Алексей өлең шумақтарын оқып, аруларымызды құттықтады. «Қызғалдақ» және «Бәйшешек» деп аталған топ  5 асудың сұрақтары мен тапсырмаларын орындап, жақсы нәтиже көрсетті.

«Ой мен ойын»асуында әр топтың тыңдаушысы берілген сөзді іс-қимыл және мимика арқылы қызықты қылып жеткізді.

Ал «Ас мәзірі» асуында нәзік жандылардың аспаздық шеберлігі байқалды. Әр тағамның құрамын және жасалу әдісін түсіндірді.  Көктемнің шуақты мерекесінде аруларымызға «Ән жұмбақ» асуы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Төртінші және бесінші асуларда нәзік жандылардың тапқырлығы мен білімі сыналды. «Тапқыр болсаң тауып көр» асуында логикалық және тарихи сұрақтар қойылды, қазақтың батыр және әлемге танымал қыздары жайлы айтылды.

Сайыс өз мәресіне жетіп, тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.