«Ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру» атты дөңгелек үстел

2019 жылғы  23 қаңтарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Этникалық топ өкілдеріне ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру» атты дөңгелек үстелді Достық үйінің базасында өткізді.

Дөңгелек үстелде этномәдени орталықтардың төрағалары, тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, ҚХА облыстық хатшылығы қатысты.

Жиынды Қостанай облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Б.Аккужина кіріспе сөзбен бастады.

“Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова 2018 жылы этникалық топ өкілдеріне ана тілдерін оқыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Украин тілінің оқытушысы С.Ивженко жиналған қауымға  «Украин тілін оқытудың тиімділігі» тақырыбында өзінің іс тәжірибесін ортаға салды.

Кәріс тілінің оқытушысы Р.Ким «Кәріс тілін оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында этномәдени бірлестік өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *