ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ

2019 жылғы  18 қаңтарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында әдістемелік бірлестік – әдіскерлер мен оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету, жұмыс жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын жетілдіру мақсатында құрылды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 5 деңгейлік оқыту бағдарламасы қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі және ҚР Ұлттық стандартын негізге ала отырып құрастырылды. Сонымен қатар, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру жұмыстары бағдарлама мазмұнына енгізілді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысының орынбасары Г.Талапова  2019 оқу жылына арналған оқыту бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелеріне басты назар аудару қажеттілігіне тоқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *