БАҚ өкілдеріне арналған жаңа әліпбиді таныстыру сабағы

2018 жылғы 24 желтоқсанда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Р.Нұржанова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған латын графикасына негізделген қазақ тілінің емлесі жобасымен таныстыру сабағын өткізді.

Сабақтың алғашқы бөлігінде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің емле ережесі жан-жақты толық түсіндіріліп, кирилл әріптерінің жазылу жағдайына мысалдар келтірілді. Сабақтың тәжірибелік кезеңінде танымдық негізге бағытталған түрлі жаттығулар жүргізілді.

Сабаққа қатысушылар теориялық тұрғыда алған білімдерін практикалық түрде бекітті. Сонымен қатар, латын қарпінде сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазып жаттықты. БАҚ-на қатысты танымдық ойын барысында тыңдаушылар зор қызығушылық танытты, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты өте танымдық мәліметтер берілді.

«Наш Костанай» газеті бас редакторының орынбасары О.Жаксанов пен «24 хабар» телеарнасының өкілдері жүргізілген іс-шараның қажеттіліктері жайлы ойларын ортаға салды.  Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін меңгерту жұмысы көпшіліктің ойынан шықты.