Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері сертификат алды

21 желтоқсан 2018 жылы Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстарын табысты аяқтағаны үшін сертификатқа ие болды.

Сертификат рәсімі Полиция департаментінің мұражайында салтанатты түрде өтті.

Жалпы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 178 полиция қызметкері мемлекеттік тіл курсында оқып жүр, сонымен қатар 30 тыңдаушы ағылшын тілін меңгеріп жатыр.Ал бүгін 31 қызметкер мемлекеттік тіл және   7 қызметкер ағылшын тілі курсын табысты аяқтап, сертификатқа иеленді.

Сертификаттар мемлекеттік тіл В1 ората деңгей, В2 ортадан жоғары деңгей, С1 ортадан жоғары деңгей, ағылшын тілінің «Pre-Intermediate» А2 деңгейін бойынша берілді. Полиция қызметкерлері тек қана курсқа қатысып қоймай, тілдерді оқыту орталығында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып ат салысуда. Осыған орай, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырованың атынан, Мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы Ә.Түгелбаева және Қостанай облысы полиция департаментінің жылдам қимылдау арнайы жасағының ұжымы алғыс хатпен марапатталды.