«Тәуелсіз Қазақстан» ашық сабақ

2018 жылдың 11 қарашасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Р.Нұржанова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесінің 27 жылдығына орай мемлекеттік тілді үйреніп жүрген Қостанай индустриалды-педагогикалық колледждің қызметкерлерімен  «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы тыныс-тіршілігін бейнелейтін  бейнематериалдар көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған ашық сабақ егемен Қазақстан елінің осы жылдары жеткен жетістіктеріне арналып, еліміздің өркендеуінің маңызды кезеңдерін көрсетті. Сабаққа қатынасқан тыңдаушылар берілген тапсырмаларға бар ынта-ықыластарымен белсенді түрде жауап берді,  сонымен қатар осы сабақта Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы ой-пікірлерін де ортаға салды.

Сабақ Қазақстан азаматтарының патриоттық рухын көтеретін «Көк тудың желбірегені» әнімен басталып, бейресми әнұранға айналған «Атамекен» әнімен аяқталды. Еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мерекеге арналған  сабақ тыңдаушылардың көңілінен шықты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *