«Рухани жаңғыру: мемлекеттік тілмен болашаққа» жобасы бойынша дөңгелек үстел

2018 жылғы 27 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын алға жылжыту мақсатында «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Рухани жаңғыру: мемлекеттік тілмен болашаққа» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Ж.Ербатырова  Денисов ауданының ауылдық округ әкімдерімен, мектеп басшыларымен,сондай-ақ қазақ тілі мұғалімдерімен «Қазақ әліпбиінің жаңа емлесінің негізгі ережелері» жобасы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған жобаны талқылау жұмысына белсене қатысып, жаңа емле ережелері бойынша пікір алмасты.