«Жалпыхалықтық диктант»

2018 жылы 14 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен латын графикасында ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ  өткізілді.

Диктант республика бойынша бір мезетте  сағат 11.00-де басталды. Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығынан өз ниетін білдірген тыңдаушылар қатысты.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізінде қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Бұл латын әліпбиін кеңінен таратуға бағытталған бірінші жалпыреспубликалық акция.

Диктанттың мәтінін  emle.kz, tilalemi.kz сайттарында тексеруге болады.